Материалы за 03.03.2026 » K.Шестаков атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімінің
«Шестаков атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын-орталығымен»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(728) 36-3-82-50
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за 03.03.2026
Сейсмикалық жаттығу
03
наурыз
2026
Сейсмикалық жаттығу
📌 2026 жылдың 2 наурыз күні Шестаков атындағы орта мектеп базасында білім алушылар мен педагогтердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында сейсмикалық жаттығу өткізілді. Жаттығудың мақсаты — жер сілкінісі кезіндегі дұрыс іс-қимыл алгоритмін меңгерту, эвакуациялау тәртібін тәжірибе жүзінде пысықтау және төтенше жағдайдағы жауапкершілікті арттыру. Дабыл белгісі берілген соң оқушылар мен ұстаздар қауіпсіз аймаққа жедел әрі ұйымдасқан түрде шығарылды. Жаттығу барысында қауіпсіздік талаптарының
Жоспарға сәйкес өткізілген жаттығулар
03
наурыз
2026
Жоспарға сәйкес өткізілген жаттығулар
Сейсенбі күні жоспарға сәйкес өткізілген жаттығулар жоғары деңгейде өтті. Жаттығу барысында қатысушылар белсенділік танытып, әрбір тапсырманы қызығушылықпен және жауапкершілікпен орындады. Сабақтың әр кезеңі жүйелі ұйымдастырылып, қозғалысқа толы, сергітетін сәттермен өрбіді. Жаттығулар балалардың дене шынықтыру дағдыларын дамытуға, ептілік пен шапшаңдықты арттыруға бағытталды. Сонымен қатар, бір-біріне қолдау көрсету, ұйымшылдық пен тәртіп сақтау сияқты маңызды қасиеттер айқын байқалды.
Кәсіби бағдар беру бағытында тренинг
03
наурыз
2026
Кәсіби бағдар беру бағытында тренинг
🎓 9-сынып оқушыларымен кәсіби бағдар беру бағытында тренинг өткізілді. Тренинг барысында оқушыларға мамандық таңдауға байланысты түрлі сұрақтар қойылып, ой қозғау жұмыстары жүргізілді. Әр оқушы өз қызығушылығы, қабілеті және болашақ жоспары туралы пікір білдірді. 👥 Топтық жұмыс арқылы оқушылар: 🔹 мамандықтардың түрлерін ажыратты; 🔹 әр мамандықтың қоғамдағы маңыздылығын талқылады; 🔹 белгілі бір мамандыққа қажетті қасиеттерді анықтады; 🔹 болашаққа саналы көзқарас қалыптастырды. Жұмыс барысында