ӘКІМШІЛІК АПТАЛЫҒЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
📌 ӘКІМШІЛІК АПТАЛЫҒЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ Мектебімізде ұйымдастырылған әкімшілік апталығы жоспарға сәйкес өткізіліп, өз мәресіне жетті. Қорытынды кезең TEDx форматында ұйымдастырылып, кәсіби ой алмасу алаңына айналды 🎤 Қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, қызмет барысындағы қиындықтар мен қызықтарымен бөлісті. Апталық соңында мұғалімдерден кері байланыс алынды 💬 Әкімшілік апталығы мектепішілік кәсіби ынтымақтастықты нығайтуға және басқару қызметінің ашықтығын арттыруға бағытталды.