24
сәуір
2024
"Ауылдық жерлердегі тірек мектептердің әлеуетін көтеру"
2024 жылдың 23 сәуір күні "Ауылдық жерлердегі тірек мектептердің әлеуетін көтеру" жобасы аясында Талдықорған қаласының НЗМ ДББҰ мұғалімдері біздің мектебіміздің сабақтарына қатысты. Сабаққа қатысу мақсаты - жоспарға сай тәлімгерлік жұмысының жүргізілуі, тапсырмалардың оқу мақсатына сай құрылуы, тапсырмалардың дескрипторларының болуы, пәндік құзыреттілікті байқау, әдістемелік сүйемелдеу. НЗМ ДББҰ мұғалімдері математика, информатика, физика, химия, биология, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті және ағылшын тілі сабақтарына қатысты. Аталған пәндер бойынша Б.Кыдырмолдина, М.Каримова, Д.Бодров, М.Сәрсенхан, Ә.Сағымжанов, А.Коканова, А.Берікжанқызы, М.Швецова, Б.Тусупова, Д.Орынбасарова, О.Короткова, О.Раздорская, Г.Омарбаева, Г.Матенбаева, Ж.Жакипова, З.Разикова, А.Бигашева, А.Ким педагогтері өз сабақтарын ұсынды. Кездесу соңында әр пән мұғаліміне кері байланыс берілді және қойылған сұрақтарға жауап алынды.