Материалы за Ақпан 2022 года » Страница 7 » K.Шестаков атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімінің
«Шестаков атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын-орталығымен»
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72) 43-50-93
Version for
visually impaired
» Материалы за Ақпан 2022 года » Страница 7
"Жас Ұлан", "Жас Қыран"
02
ақпан
2022
"Жас Ұлан", "Жас Қыран"
Мектебімізде бүгін ҚР Тұңғыш The presidentі күніне орай республикалық бірыңғай "Жас Ұлан", "Жас Қыран" жасөспірімдер мен балалар ұйымының қатарына оқушыларды қабылдау салтанатты жиыны өткізілді. Шарада "Жас Ұлан", "Жас қыран" ұйымының мақсат, міндеттері жаңадан қосылған ұйым мүшелеріне түсіндірілді.
"Ескелді аруы-2021"
02
ақпан
2022
"Ескелді аруы-2021"
Ағымдағы жылдың 26 қарашасында өткізілген аудандық "Ескелді аруы-2021" сайысына мектебімізден 10А сынып оқушысы Алпысбекова қатысып, жүлделі І орынды иеленді. Құттықтаймыз!!!
"Елбасы-ел тірегі " тақырыбында аудандық дебат турнирі өткізілді.
02
ақпан
2022
"Елбасы-ел тірегі " тақырыбында аудандық дебат турнирі өткізілді.
Ағымдағы жылдың 26 қарашасында мектебімізде "Елбасы-ел тірегі " тақырыбында аудандық дебат турнирі өткізілді. Өткізілген іс шараға мектебімізден орыс, ағылшын лигалары 1 айналымнан финалға жоғары ұпаймен өтіп, сайыс соңындағы әділ қазылар алқасының шешімімен жоғары ұпайды иеленіп орыс лигасының командасы "Самая эрудированная команда" номинациясын иеленсе, ағылшын лигасының құрама командасы жүлделі І орынды иеленді. Жеңістеріңіз құтты болсын!
«Мың бала»
02
ақпан
2022
«Мың бала»
Мектебіміздің мақтанышы, 9 Б сынып оқушысы Аубакиров Рустам Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мың бала» мәдени-ағартушылық жобасының «Өнерлі өрге жүзер» номинациясының жеңімпазы атанды. Жеңісің құтты болсын!!! Гордость нашей школы, ученик 9 Б класса Аубакиров Рустам стал победителем культурно-просветительского проекта Ассамблеи народа Казахстана «Мың бала» в номинации «Өнерлі өрге жузер». Поздравляем с победой!!!
Ұлттық валюта күні.
02
ақпан
2022
---
Ұлттық валюта күні.
1993 жылы елімізде бірінші рет ұлттық валюта айналымға жіберілді. Содан бері 15 қараша - қазақстандық қаржыгерлердің кәсіби мерекесі болып бекітілді. Тәуелсіздік алған елдің ең бірінші айрықша белгісі - ұлттық валюта. Ол – Қазақстан Республикасы көлемінде пайдаланылатын заңды төлем құралы. Ақша – асыл қазына, халық байлығы. Халқымыз теңгені бұрын да пайдаланған. Ерте замандарда теңгелерді Түркістан, Тараз қалаларындағы арнаулы шеберханаларда жасаған. Осы орайда мектебімізде ұлттық валюта күніне
Кәсіптік бағдарлау Ескелді ауданының әкімі Әли Рустам
02
ақпан
2022
Кәсіптік бағдарлау Ескелді ауданының әкімі Әли Рустам
Бүгін 12 қарашада 11 сынып оқушыларымен кәсіптік бағдарлау бойынша кездесу өтті. Іс-шараға Ескелді ауданының әкімі Әли Рустам, аудандық білім бөлімінің меңгерушісі М.М. Бектұров, Қаныш Сәтпаев университетінің ректоры,университет ректоратының төрағасы, мектеп директоры Н.Смағұлова бастаған мектеп әкімшілігі, 11 - сынып жетекшілері мен бітіруші сынып оқушылары қатысты. Балалар алынған ақпаратқа өте қызығушылық танытты, іс-шара аяқталғаннан кейін де көкейтесті сұрақтарын қойып, қойылған
"Мейірім-жүректен"
01
ақпан
2022
"Мейірім-жүректен"
Ағымдағы жылдың 5 қарашасында Ескелді ауданы бойынша барлық мектептерде "Қайырымдылық-2021" акциясы өткізілді. Осы орайда Шестаков атындағы орта мектебінде "Мейірім-жүректен" атты қайырымдылық акциясы өтілді. Игі іс-шараға мектеп демеушілері белсене ат салысып, жетім, жартылай жетім, жағдайы төмен отбасылардың балаларына көмек көрсетті. Жыл сайын өткізілетін осындай игі істерге белсене қатысатын демеушілерімізге алғыс білдіреміз.
Күзгі каникул
01
ақпан
2022
Күзгі каникул
Ескелді ауданы Шестаков атындағы орта мектебінің күзгі каникул кезінде білім алушылардың біліміндегі олқылықтарды түзету жоспарына сәйкес 01-05.11.2021ж аралығында өткізілген іс-шаралар.
"КТА" ойыны өткізілді.
01
ақпан
2022
---
"КТА" ойыны өткізілді.
2021 жылдың 5 қарашасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесіне орай 8-10 сыныптар арасында "Алтын күз" бағдарламасының "КТА" ойыны өткізілді. Ойынға қатысушылардың арасынан өздерінің өнерлерімен оза шауып, алдыға шыққан 9"А" сыныбы жүлделі І орынды жеңіп, мақтау қағазы мен арнйы сыйлыққа ие болды. 
"Алтын күз"
01
ақпан
2022
"Алтын күз"
2 қараша күні оқушылардың демалыс уақытын бос өткізбеу мақсатында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесіне орай Шестаков атындағы орта мектебінде 2-4 сыныптар арасында "Алтын күз" бағдарламасының "Сурет сайысы" ұйымдастырылып өткізілді. Сайыстың 1 орыны 2 "Б" сыныбына бұйырып, бағалы сыйлықтарға ие болды. 2 және 3 орындарды 4 "А", 4"В", 2"Б", 3 "Б" сыныптары иеленіп, бағалы сыйлықтар мен мақтау қағаздары берілді.