03
қараша
2022
"Алтын Күз"
2022 жылдың 01-қараша күні мектебіміздің шағын орталығында "Алтын Күз" мерекесі өткізілді. Іс-шара барысында шағын орталық тәрбиешілері Нураханова Ризагуль Ерболатовна мен Мырзагельдинова Дариға Нусиповна балалармен бірге ән, би, тақпақ айтты. Сонымен қатар, күздік көрініс пен күздің сыйы ретінде балалардың қолымен жасалған бұйымдар көрмесі ұйымдастырылды. Мереке соңында күзгі әсем киім үлгісін көрсетіп, мақтау қағаздарына ие болды.