Қамқоршылық кеңесі » K.Шестаков атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімінің
«Шестаков атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын-орталығымен»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
сәуір
2019

Қамқоршылық кеңесі

«Ескелді ауданы әкімдігінің Шестаков атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша «Қамқоршылық кеңес» құрамы
 
1. Толкынова Ж.К. – зейнеткер – қамқоршылық кеңес төрайымы. 
2. Имангалиев Ж.Т. – жеке кәсіпкер, кеңес мүшесі.
3. Узбеканов Б.С. - Ә/Б -15603 – командирі, кеңес мүшесі. 
4. Клестер Т.В. – үй шаруасында, кеңес мүшесі.  
5. Байсеитова А.А. – үй шаруасында, кеңес мүшесі. 
6. Дорошенко Г.Я. – зейнеткер, кеңес мүшесі. 
7. Чиникенова К.А. – зейнеткер, кеңес мүшесі. 
8. Серкожаева А. – үй шаруасында, кеңес мүшесі. 
9. Криворучко Т.Г. – зейнеткер, кеңес мүшесі.


«Ескелді ауданы әкімдігінің Шестаков атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша қамқоршылық кеңесінің І-ші жарты жылдық есебі 
2018–2019 оқу жылы
            Мектепте қамқоршылық кеңесі құрылған, іс – шара жоспары жасалып, жұмыстар жүргізілуде, тоғыз адамнан тұратын құрам бекітілген. Кеңес мүшелерін қамқоршылық кеңесінің нормативтік құжатармен және Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағадаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығымен таныстырылды. «Сыбайлас жемқорлыққа себеп болатын жағдайлардың алдын алу туралы» мектептегі бұйрықпен таныстырылды. Қамқорлықтағы балаларды санаттары бойынша топтастырып, материалдық қөмекке мұқтаж балаларды анықтап, зерттеу жұмыстары, оқушылардың әлеуметтік картасын толтыру жұмыстары жүргізілді. Жетім, жартылай жетім және отбасылық жағдайы төмен аз қамтылған жанұяның балаларының үй-тұрмысымен танысып, акт жасалды.
            Оқу жылының басында мектепте жетім балалар мен ата-аналарының қамқорысыз қалған балалар саны 5 оқушы, көпбалалы отбасылардан 60 бала, аз қамтылған жанұялардан – 22 оқушы, сәтсіз отбасыларынан – 2 оқушы. Қамқоршылық кеңес, мектепішілік ата-аналар комитеті және мектеп әкімшілігі бірлесіп, аз қамтылған, көпбалалы отбасыларынан шыққан және жетім оқушылар санынан  15 баланы мектептегі асхананы жалдау ақысы ретінде тегін ыстық тамақпен қамтамасыздандыру мәселесі шешілді. Сонымен қатар 34 оқушы қосымша жалпыға бірдей білім беру қорынан тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Мектеп асханасының жұмысын бақылау және бракераждық комиссиямен бірлескен түрде мектеп асханасының тағамдарының сапасын тексеруге үнемі қатысып отырады. Мектептің 40 оқушысына республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында кеңсе тауарлары көмек ретінде берілді, 10 оқушыға мектеп формаларын сатып алуға демеушілік көмек көрсетілді,  26 оқушыға киім-кешекпен аяқ киім берілді.
Қамқоршылар Кеңесінің жұмысы барысында 2018 жылдың 17 қарашасында дәстүрге айналған баскетболдан оқушылар арасында Тоқтарбек Төлегенұлын еске алу турнирі өткізілді. Турнирдің ұйымдастырушысы Шестаков атындағы орта мектебі. Турнир демеушісі мектептің қамқоршылық кеңесінің мүшесі, жеке кәсіпкер Жанат Төлегенұлы Иманғалиев болды. Баскетболдан өткен турнирдің жүлде қоры 100000 теңгені құрады.
            «Қайырымдылық» марафоны шарасын жүргізуде мектепішілік ата-аналар комитетінің қосқан үлесі мен көмегі зор болды, жалпы мектепішілік ата-аналар комитетінің жиналыстары өткізілді. Мектепте 12.12.2018 ж., «Қамқорлық акция» өткізу барысында 147500 теңге қаражат жиналып, киім кешек, әлеуметтік қорғалмаған отбасылардан шыққан оқушыларға қиім кешек және аяқ киім алынды.
Сонымен қатар, жиналған қаражаттан Мектепшілік жаңа жыл мерекесін өткізу кезінде Қамқоршылық кенесі жұмыс тарапынан мектепті безендіру және қаржылау мәселесін қарастырды.
             Мектепте ұйымдастырылған барлық іс-шаралар қамқоршылық кеңес ұйымымен бірлесе өткізіледі.
 
Қамқоршылық кеңес төрайымы: Толкынова Жамиля Кудайбергеновна                                                                                             
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив