Біз туралы » Страница 25 » K.Шестаков атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімінің
«Шестаков атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын-орталығымен»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(728) 36-3-82-50
Нашар көрушілер
нұсқасы
Кәсіптік бағдарлау Ескелді ауданының әкімі Әли Рустам
02
ақпан
2022
Кәсіптік бағдарлау Ескелді ауданының әкімі Әли Рустам
Бүгін 12 қарашада 11 сынып оқушыларымен кәсіптік бағдарлау бойынша кездесу өтті. Іс-шараға Ескелді ауданының әкімі Әли Рустам, аудандық білім бөлімінің меңгерушісі М.М. Бектұров, Қаныш Сәтпаев университетінің ректоры,университет ректоратының төрағасы, мектеп директоры Н.Смағұлова бастаған мектеп әкімшілігі, 11 - сынып жетекшілері мен бітіруші сынып оқушылары қатысты. Балалар алынған ақпаратқа өте қызығушылық танытты, іс-шара аяқталғаннан кейін де көкейтесті сұрақтарын қойып, қойылған
"Мейірім-жүректен"
01
ақпан
2022
"Мейірім-жүректен"
Ағымдағы жылдың 5 қарашасында Ескелді ауданы бойынша барлық мектептерде "Қайырымдылық-2021" акциясы өткізілді. Осы орайда Шестаков атындағы орта мектебінде "Мейірім-жүректен" атты қайырымдылық акциясы өтілді. Игі іс-шараға мектеп демеушілері белсене ат салысып, жетім, жартылай жетім, жағдайы төмен отбасылардың балаларына көмек көрсетті. Жыл сайын өткізілетін осындай игі істерге белсене қатысатын демеушілерімізге алғыс білдіреміз.
Күзгі каникул
01
ақпан
2022
Күзгі каникул
Ескелді ауданы Шестаков атындағы орта мектебінің күзгі каникул кезінде білім алушылардың біліміндегі олқылықтарды түзету жоспарына сәйкес 01-05.11.2021ж аралығында өткізілген іс-шаралар.
"Алтын күз"
01
ақпан
2022
"Алтын күз"
2 қараша күні оқушылардың демалыс уақытын бос өткізбеу мақсатында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесіне орай Шестаков атындағы орта мектебінде 2-4 сыныптар арасында "Алтын күз" бағдарламасының "Сурет сайысы" ұйымдастырылып өткізілді. Сайыстың 1 орыны 2 "Б" сыныбына бұйырып, бағалы сыйлықтарға ие болды. 2 және 3 орындарды 4 "А", 4"В", 2"Б", 3 "Б" сыныптары иеленіп, бағалы сыйлықтар мен мақтау қағаздары берілді.
"Оқуға құштар мектеп"
31
қаңтар
2022
"Оқуға құштар мектеп"
Шестаков атындағы орта мектебі "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында жас мамандар мен оқушылар арасындағы "Менің сүйікті кітабым" атты аудандық челленджін жалғастырады.   https://www.instagram.com/p/CVwpnM0tVwH/
"Елбасы-ел тірегі"
31
қаңтар
2022
"Елбасы-ел тірегі"
2021 жылдың 1 қарашасында мектебімізде күзгі каникул кезіндегі балалардың демалысын, бос уақытын ұйымдастыру мақсатында 7-10 сыныптар арасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесіне орай "Елбасы-ел тірегі" тақырыбында үш тілде дебаттық турнир өткізілді.
"Менің дабыл шабаданым"
31
қаңтар
2022
"Менің дабыл шабаданым"
19 қазан Қазақстан Республикасы төтенше жағдайларға қарсы қызметінің құрылған күніне байланысты мектебімізде "Менің дабыл шабаданым" тақырыбында оқу жаттығулары ұйымдастырылып,өткізілді.https://www.instagram.com/p/CVPGC4pIV1l/
"ҰСТАЗДАР МЕРЕКЕСІ "
31
қаңтар
2022
"ҰСТАЗДАР МЕРЕКЕСІ "
"ҰСТАЗДАР МЕРЕКЕСІ " қарсаңында Шестаков атындағы орта мектеп ұжымы 2020-2021 оқу жылында ҰБТ қорытындысы нәтижесінде жүлделі І орынды иеленіп, Ескелді аудандық Білім бөлімінен музыкалық аппаратураға ие болды. Сондай-ақ, ұжымның бірқатар ұстаздарына да Білім бөлімінің басшысы атынан алғыс хаттар мен ақшалай сертификаттар берілді. Жетістіктеріңіз құтты болсын!
Ұстаздар күні!!!
31
қаңтар
2022
Ұстаздар күні!!!
Мектеп директоры Н.А.Смагулованың барша ұстаздар қауымын төл мерекелеріңізбен құттықтауын қабыл алыңыздар!
Мектебімізде әлеуметтік педагог
31
қаңтар
2022
Мектебімізде әлеуметтік педагог
Мектебімізде әлеуметтік педагог О.Столярова ата-аналар комитетінің төрайымы Л.Имбраймбекова және асхана меңгерушісі К.Копжасарованың қатысуымен ата-аналар жиыны өтті. Жиын барысында мектептегі ыстық тамақты ұйымдастыру және мектепке жол акциясы туралы ақпарат берілді.