15
сәуір
2025
“ Ауыл мектебі - сапа алаңы”
2025 жылдың 15 сәуір күні “ Ауыл мектебі - сапа алаңы” республикалық жобаның іске асыру аясында мектеп тренері Б.Алимгазина бастаған физика мұғалімі Е.Муса, химия пәнінің мұғалімі Б.Серикханова, биология пәндерінің мұғалімдері М.Швецова, Д.Адылқанова магниттік мектеп Қаблиса жырау атындағы орта мектебіне барып зертханалық құрал-жабдықтарымен таныстырды. Мақсаты - оқушыларға “Ауылдық жерлердегі Тірек мектептердің әлеуетін дамыту” жобасы аясында әкелінген зертханалық құрал-жабдықтармен таныстыру. Кездесу барысында қаблиса жырау атындағы орта мектебінің 7-11 сынып оқушыларымен және ШЖ мектептердің 7-9 сынып оқушыларымен зертханалық жұмыстарға талдау жасап, құрылғылармен жұмыс жасау түрлерімен таныстырып өтті.