05
наурыз
2025
“ Мотивация және мақсатқа жету жолдары”
Әдеп-құқық жұмысы жөніндегі менторлық аясында Ескелді ауданының Шестаков атындағы орта мектебінде мектеп менторы Риза Нұртайқызы және мектеп психологтары А.Шакербекова мен А.Бекмұхамет қатысуымен 9 А, Б сынып оқушыларына “ Мотивация және мақсатқа жету жолдары” тақырыбында пікір алмасу өтті. Мақсаты: оқушылардың мақсаттарына жетуге, өз күш-жігерін дұрыс бағытта жұмсауға, өмірдегі қиындықтарды жеңіп шығуға ынталандыратын факторларды түсіну. Осы тақырыпта пікір алмасу арқылы мотивацияның түрлері, оларды қалай арттыруға болатыны, жеке тұлғаға және қоғамға әсері туралы талқылауға болады.



