Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу » K.Шестаков атындағы орта мектеп
Коммунальное государственное учреждение
«Средняя школа имени Шестакова с дошкольным мини-центром»
отдела образования по Ескельдинскому району
управления образования области Жетису
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 43-50-93
Версия для
слабовидящих
18
март
2022

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу

«Алматы облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Шестаков атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын - орталығымен» 

управления образования области Жетису

 Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында жүргізілген жұмыстары туралы мәлімет.

2021-2022 оқу жылының басталуына орай білім саласындағы сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттердің алдын алу және болдырмау мақсатында  2021 жылдың 01 қыркүйегіндегі №  92-н мектеп директорының бұйрығы шығарылды. Осыған орай білім мекемесінде ешқандай да ақша жинамау керектігі туралы ата-аналар мен ұжымға жиналыстарда жеткізілді. Егер де, кімде кім мектеп қабырғасында ақша жинап сыбайлас жемқорлыққа жол берген жағдайда заң алдында жауап беретіндігі ұжымға ескертілді.

       Сонымен бірге мұғалімдер ата-аналардан қандай да бір себептермен жөндеу жұмыстарын жүргізуге, кеңсе тауарларын сатып алуға, салтанатты шаралар барысында сыйлықтар алуға, тексеруге келген қызметкерлерге, оқушылармен барлық түрдегі ақылы тестер өткізуге, мерзімді баспаларға жазылуға тағы басқа сол сияқты заттарға ақша жинаған жағдайда бірден мән жай мектеп директорына ескертілуі керек екені ата-аналарға жеткізіліп, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу туралы түсіндірілді. 

 Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатында, баланы балабақшаға орнату, үйден оқитын оқушыларға көрсетілетін қызмет түрлері, мұғалімдерді қорытынды аттестаттаудан өткізу, көпбалалы, аз қамтылған оқушыларға берілетін әлеуметтік көмек түрлері, оқушылардың тегін ыстық тамағын ұйымдастыру т.б шаралар мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі бойынша орындалады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық және  қағаз түрінде.

     Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі: құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат және жаңа оқу жылынан бастап бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымына қабылдау туралы бұйрық.

     Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі үшін көрсетілетін қызметті берушіге қағаз жеткізгішке жүгінген кезде нәтижесі қағаз жеткізгіште ресімделеді. Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" білім беру ұйымына қабылданғаны туралы, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында хабарлама келеді. 

Сонымен қатар аттестатын жоғалтқан негізгі орта, жалпы орта білім беру туралы құжаттардың  төлнұсқаларын беру бойынша  мемлекеттік қызмет  көрсетіледі. 

     Сонымен бірге балабақшаға балаларды қабылдау үшін https://kezek.e-zhetysu.kz сайт арқылы жүргізе алады.  https://e-zhetysu.kz те Алматы облысының барлық автоматтандырылған мемлекеттік қызметтері болады. 1-ші сыныпқа келетін оқушылар http://egov.kz/ сайты арқылы қабылданады. Ал мектепке жаңадан келген 2-11 сынып оқушыларын қабылдау немесе басқа мектепке ауысып кеткен жағдайда  http://www.nobd.iac.kz/ НОБД (ҰБДҚ) Ұлттық Базалық Деректер Қоры арқылы жүзеге асады. Жоғарыда аталған қызмет түрлерінің барлығы мемлекеттік қызмет көрсетуге жатады. 

2021 жылдың 8 қыркүйегінде "МЕКТЕПКЕ ЖОЛ" дәстүрлі республикалық қайырымдылық шарасы барысында мемлекеттен мектебіміздегі АӘК алатын,  аз қамтылған  оқушыларға мектепке қажетті сөмке мен кеңсе тауарлары берілді. Сонымен қатар жетім, көпбалалы, толық емес отбасынан шыққан оқушыларға спонсорлық көмек көрсетіліп мектепке қажетті оқу құралдары берілді.  Берілген заттар ата-аналар комитетінің төрайымы Л.Имбраймбекова мен қамқоршылық кеңесінің төрайымы Толқынова Ж. қатысуымен қабылданды.   

         2021-2022 оқу жылының басында  сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттердің алдын алу және болдырмау мақсатында жоспар құрылып бекітілді.     Рухани–адамгершілік  және азаматтық–патриоттық тәрбиелеу,  сыбайлас жемқорлыққа  қарсы мәдениетті  мектеп  ортасында қалыптастыру мақсатында мектебімізде  «Адал ұрпақ» еріктілер клубы  жұмыс жасайды. Қазіргі таңда 9 -10 сынып оқушыларынан құрылған ұйым мүшесінде 15 оқушы бар. Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының негізгі міндеттері; 

1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру; 

2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту бойынша бастамаларды көтермелеу; 

3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы іс – шараларды ұйымдастыру; 

Мектепте «Сенім поштасы», «Сенім телефоны» орнатылды.                           

Мақсаты: Өскелең ұрпақтың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және адалдық, әділдік, инабаттылық және сенім сияқты ең маңызды адамгершілік құндылықтарды дарыту. 

 Адал ұрпақ ұйымының  мүшелері «Лучший банер» тақырыбында сурет салынды. «Сыбайлас жемқорлық деген не?» тақырыбында 1-11 сынып оқушыларымен сынып сағаттары өткізілді. Сентябрь айынан бері оқушыларға әр түрлі тақырыпта адалдық сағаттары жүргізілді.



 Сонымен қатар клуб мүшелері «Жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында челлендж түсіріп әлеуметтік желіге жұмыстар жарияланды. 




     Мектеп директоры:                      Н.Смагулова

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив