19
наурыз
2024
«Қазақтың салт-дәстүрлері»
Шестаков атындағы орта мектеп кітапханасында 8«а», 8 «б» сынып оқушыларына «Қазақтың салт-дәстүрлері» тақырыбында деректі фильм көрсетіліп салт-дәстүрлер туралы мағлұматтар берілді. Ұлтты ерекшелейтін ол оның тілі, діні және ғасырлардан жеткен рухани темір қазығы саналатын асыл қазынасы, яғни салт-дәстүр. Әр халықтың ұрпақ тәрбиелеудегі өзіндік тарихи тағылымы бар. Өткеннің бай рухани мұрасы болған салт-дәстүрсіз тарихты елестету мүмкін емес. Тәрбие ананың құрсағынан басталып-ақ кетеді деген тұжырым бар. Жалпы қазақ халқы ұрпақ тәрбиесіне ерекше мән береді. Халқымыз салт-дәстүр, әдет-ғұрыптары ұрпағына құрсағында жатқаннан-ақ сіңіріп отырған. Кітапханашы:А. Бекешова.