Ескелді ауданының киелі жерлері жобасы » K.Шестаков атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімінің
«Шестаков атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын-орталығымен»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ескелді ауданының киелі жерлері жобасы
05
қазан
2018

Ескелді ауданының киелі жерлері жобасы

«Өмір бұлақ»: Махаббат ескерткіші 

Ескелді ауданының орталығы Қарабұлақ ауылында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының шеңберінде меценаттың қолдауымен «Өмір бұлақ» атты махаббат стеласы ашылды. Бұл стеланың тұрғызылуына Өмірәлі Шәкәрапұлы мұрындық болған. Стела 2019 жылдың қыркүйек айының 27-сі күні ашылды. 

Осы «Өмір бұлақ» жайлы ел аузында көптеген аңыздар. Соның бірі ХҮІІІ ғасырдың басында Жоңғар шапқыншылығы кезінде тоз-тоз болған ел-жұртын Сыр бойынан жинап, ата қонысы Жетісуға қайта қоныстандыру үшін билер жер шолып жүреді, алдарынан әбден әлсіреген бала кездеседі. Ескелді би қолындағы найзасын жерге шанши салып баланы көтеріп алады, бірақ өздерінің де азықтары бітіп келе жатқан батырлар не істерлерін білмейді. Ескелді би «Әруақ» деп найзасын суырып алады, найзаны суырып алған жерден бұрқырып су шығады. Баланың аузына су тамызады, бала дереу есін жиып, орнынан тұрады. Сонда Ескелді би: 

-Мына бұлақтың суы сені қайтадан өмірге әкелді, бұл бұлақтың атауы «Өмір бұлағы» болсын, - деген екен. 

Ал махаббат ескерткішінің осы жерге орнатылуының да өзіндік сыры бар екенін Өмірәлі Шакарапұлы салтанатты жиында сөйлеген сөзінде айтып берді.

Зайыбы Кәшипа екеуі Жетісу ауылының орта мектебінде оқыған. Екеуі тұңғыш рет осы бұлақ басында танысып, кейіннен дәм-тұзы жарасып, шаңырақ көтереді Ұлдарын ұяға, қыздарын қияға қондырып, немерелерінің қызығын көріп отыр. Екеуінің отау құрғандарына елу жыл толыпты. Жартығасырлық мерейтойларының құрметіне осы махаббат ескерткішін орнатқан. 











Атауы:Ақын Сара Тастанбекқызының бейіті

Орналасқан жері:Алматы облысы,Ескелді ауданы, 

Қысқаша анықтамасы:Сара Тастанбекқызы Талдықорған облысының Ақсу ауданының Көкжайдақ ауылында 1878 жылы кедей шаруа әулетінде дүниеге келген. Әкесі ерте қайтыс болып, жастайынан жоқшылық тауқыметін тартады. «Тұрмыстан туысымен таяқ жедім» деген Сара сөзі жарлы өскен сол жетімдік халіне меңзейді.Сара жастайынан сауықшыл, домбырашы, күйші, әнші, ақын қауым ортасында өседі. Атақты Молықбай қобызшы, Түбек ақындар сол өңірден шыққан. Ән мен күй, асқақ жыр жас Сараны ынтықтырып, оны өз биігіне бастайды. Он үшінен бастап қолына домбыра алып, шаршы топқа түседі. Талай белгілі ақындармен айтысқа түсуі оның табиғи талабын ұштай түседі.Біржан мен Сара айтысын алғаш рет 1896 жылы Шайх – Исламұлы Жүсіпбек қожа Сараның өз аузынан жазып алып, 1897 жылы Санкт–Петербург қаласындағы императорлық цензурадан рұқсат алып, 1898 жылы қазан университетінің баспаханасынан бастырып шығарған. Одан кейін де айтыс бірнеше рет баспа бетін көріп, мектеп оқулығына да енгізілді. Сара жөнінде көптеген еңбектер прозалық, драмалық шығармалар жазылды. Белгілі сазгер М.Төлебаевтың «Біржан – Сара» операсы музыка әлемінің биік шыңы десе де болады.


Атауы:Қоғыл әулие, Сөк төре мазары


Орналасқан жері: Алматы облысы,Талдықорған қаласынан 2-7 шақырым жерде

Қысқаша анықтамасы:Мырза атты елден екі кемеңгер шығыпты. Біреуінің аты Қабылиса болса, екіншісінің аты Қоғылиса екен. Қабылиса кәдімгі Қабан жырау. Қоғылдың әулиелік, көріпкелдік қасиеттері заманында белгілі болған. Ол екі басқару ісіне де араласып би атанды дейтін деректер бар. Оның ғажайып қабілеттеріне көңіл бөлгендердің бірі Абылайханның баласы Сөк төре болып табылады. Қоғыл әулие мен Сөктің зираттарының жатуы да кездейсоқтық емес.Сөк төренің (1770-1850) беделі Ресей, Орта Азия, Қазақстанға әйгілі болған. Халық арасында «Көп шешеді көп шешпесе Сөк шешеді» деген сөз бар.


                                   

Атауы:Бұрхан-Бұлақ


Орналасқан жері:Алматы облысы, Ескелді ауданы

Қысқаша анықтамасы: Бұрхан-Бұлақ - Орта Азиядағы ең ірі сарқырама. Сарқырама Іле өзені алабында орналасқан. Ұзындығы 50 км, су жиналатын алқабы 255 шаршы шақырым. Жоңғар Алатауындағы Тышқан жотасының оңтүстік беткейінен басталып, Жаркент қаласының тұсында Өсек өзеніне құяды. Арнасы тау арасында тар, жағасы тік жар болып келеді. Жауын-шашын, жер асты суымен көректенеді. Теңіз деңгейінен 2 000 метр биіктікте орналасқан.Оның үш сатысының биіктігі-112 метрге, ең биік тұсы 120 метрге жетеді. Сарқырама жайлы аңыз бар: Бұрхан анасының жалғыз ұлы болады, анасы оны өте қатты жақсы көреді және Бұрхан үйге сыпайы жақсы қыз алып келеді деп армандады. Бірақ Бұрхан өте намысшыл асқақ Қораны сүйіп қалады. Баласының таңдауына наразы болған ана ұлын сол махаббаттан алшақтатуды ойлады да өте үлкен сарай салып ұлын сол жерге қамап қойды. Бірақ Бұрханның махаббаты өте күшті болғандықтан ол қамаудан босап шығып өзінің суларын әдемі Қорамен түйістірді. Сол уақыттан бері олар бірге ағады. Ал Бұрханның анасы өзінің ұлын көп жылдар бойы жоқтаумен болды. «Бұрхан-бұлақ» сарқырамасының маңында «Ананың көз жасы» деген бұлақ бар.


Атауы:Киелі тас

Орналасқан жері:Алматы облысы, Ескелді ауданы

Қысқаша анықтамасы: Бұрхан-бұлақ сарқырамасына 1 км жетпей «Киелі тас» орналасқан. Аңыз әңгімелерде, ертеде бұл жерде киіз үй тұрған. Киіз үйде әйел босанып жатқан уақытта жер сілкінісі болады. Сол уақытта биік таудан үлкен жартас жолындағының бәрін жайпай төмен қарай домалады. Домалаған жартас киіз үйге соғылуға санаулы уақыт қалған кезде, әйел босанып, баланың шыр еткен дауысы естілді. Бала дауысынан киіз үйге жақын қалған жартас орнында қатып қалды.


Атауы: Қора шатқалы


Орналасқан жері:Алматы облысы, Ескелді ауданы

Қысқаша анықтамасы:Әдемілігімен көз тартарлық Жоңғар таулы мекені - Қазақстанның оңтүстік-шығысында орналасқан. Жетісудың  ең әдемі де әсем жерлерінің бірі – Қора шатқалы дәл осы жерде. Шатқалдың ұзындығы – 90 км шамасында.Шатқал өсімдік пен жануарлардың түрлеріне өте бай. Өсімдіктің 3000-нан аса түрлері бар, аңызға айналған Эдельвейс гүлі де, әйгілі Сиверс алма ағашы да осында өседі. Әлемнің барлық алмаларының мәдени түрлері осы Сиверс алма ағашынан тараған, сондықтан да кейбіреулер Библияда айтылған жұмақ осы жер деп санайды. Шатқалда өте сирек кездесетін, әрі жойылып бара жатқан Жоңғар Алатауының эндемигі – Жетісулық бақатіс мекендейді. Сондай-ақ, шатқалда ақкіс, түлкі, аю, қасқыр және қар барысы бар.Қора шатқалының кіре берісінде биіктігі үш метрлік тас бар. Онда Будданың тастағы безендірулерін көруге болады. Тастың жоғарғы жағының ортасында шынайы жаратылған суға толы ойығы бар. Ойықтағы су жыл бойы сақталып тұрады және жергілікті тұрғындар оны қасиетті су ретінде санайды.


Атауы:Бақтыбай Жолбарысұлының кесенесі


Орналасқан жері:Алматы облысы,Ескелді ауданыӨтенай ауылы

Қысқаша анықтамасы: Бақтыбай Жолбарысұлы (1835 ж.ш., Текелі-1902, Балдырған жайлауы)-айтыс ақыны. Жеті жасында жетім қалып, Балқаш, Сексеуіл, Шұрық жақтағы нағашыларының қолында өскен. Кейін еліне қайтып келіп, бай ағайындарының малын бағады. Жиын-тойларда өлең құрастырып, ақындық қабілетімен танылады. Ақыры өнері жалшылықтан құтқарып, өлеңнің соңына біржола түседі. Әсіресе, атақты Тезек төремен айтысы (1861) Бақтыбайдың Жетісуға ақындық даңқын шығарды. Бақтыбайдың жекелеген толғау, сықақ, жоқтау өлеңдері көп болған. 1884 жылы Мәйке қызбен айтысып, әйел үстіне алған. Арыстан, Жүсіпбек, Әсет, Бейімбет, Қыпшақбай, т.б. ақындармен айтысы суырып салма шеберліктің, тапқырлық пен батылдықтың айқын үлгісі. Оның жары айтыс ақыны Мәйке Бәйгеқызы қазіргі Көксу ауданының «Шаңырақ» ауызы деген жерде орта шаруалы, беделді әулеттің жанұясында 1858 жылы дүниеге келіп, Бақтыбаймен 17 жасында 1875 жылы айтысқа түскен. Халқына қадірлі Мәйке апамыз жарық дүниеден 1932 жылы өтіпті. Көзін жұмардағы өтініші бойынша халқы арулап, Бақтыбаймен қатар жерлепті.



Атауы:Екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Н.Алдабергеновтың мүсіні


Орналасқан жері:Алматы облысы,Ескелді ауданыАлдабергенов ауылы

Қысқаша анықтамасы:Н.Алдабергенов 1906 жылы 20 желтоқсанда Кербұлақ Малайсары тауының бөктерінде Қарағаш ауылында, Ерденбек баласы Алдабергеннің отбасында дүниеге келген. 1934 жылы Жетісу өңірінде бірінші қант зауыты салынып, әр артельдерге қант қызылшасын өсіруге тапсырмалар берілді. Ауылда жиналыс ашып, сол артельді басқаруға басшы етіп сайлайды. Осы басшылықта 1942 жылғы 29 апрельге дейін болып, одан кейін ҰОС-ң майданына аттанады. Жеңістен кейін ауылға оралған соң, «Жаңа талап» колхозшылары колхозға басшы етіп қайтадан сайлайды. Н. Алдабергенов Жетісу өңіріндегі колхоз құрылысының көрнекті қайраткері, қант қызылшасынан мол өнім алғаны үшін 1948 жылы Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.  1951 жылы Орталық партия комитетінің нұсқауымен ұсақ «Жаңа талап», «Қызыл ту», «Жаңалық» колхоздары бірігіп, іріленген Сталин атындағы колхоз болып қайтадан құрылып, осы колхоздың бастығы болып Н. Алдабергенов сайланады. Осы колхозды басқарған кезінде Шұбар ауылының экономикасы мен мәдениеті қатар дамып, Одақ көлеміне белгілі болды. 1958 жылы екінші Алтын жұлдыз орденімен марапатталып, ССРО Президиумының қаулысымен Шұбар ауылында н. Алдабергеновке қоладан бюст орнатылды. Сталин атындағы колхозды 1961 жылдың 17 шілдесіне дейін басқарып, кейін Еркін ауылында ауылдық Кеңестің председателі, 1965 жылдың ақпан айынан Киров ауданындағы Карл Маркс атындағы колхозының басшысы болып сайланды.


Атауы: Ешкіөлмес тау жотасындағы петроглифтер

Орналасқан жері:Алматы облысы, Ескелді ауданы,Ешкіөлмес тау жотасында сақталған

Қысқаша анықтамасы:Таудағы жартас беттері, шың басы мен шатқалдарда тас бетіндегі бейнелер сақталып қола дәуірі мен ортағасырдағы осы өңірді мекендеген тайпалар өмірінен сыр беріп тұрғандай. Көне суреттер 24 шатқалдан табылып, олардың саны 10 мыңның үстінде екендігі анықталды.



Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив