31
қаңтар
2022
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесіне орай және Ауған соғысы ардагері, «Ерен ерлік» медальінің иегері Иманғалиев Тоқтарбек Төлегенұлын
2021 жылдың 2 қарашасында Алматы облысы, Ескелді ауданы, Қарабұлақ ауылы, Шестаков атындағы орта мектебінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесіне орай және Ауған соғысы ардагері, «Ерен ерлік» медальінің иегері Иманғалиев Тоқтарбек Төлегенұлын еске алу кешіне байланысты аудандық баскетболдан турнир өткізілді. Турнирдың басы концерттік бағдарламамен басталып, соңы спорт залындағы тартысты додамен аяқталды. Аталған іс шараға ауданымыздан 8 команда қатысып, жүлделі орындар мен бағалы сыйлықтарға ие болды. Атап айтсақ, жүлделі І орынды Шестаков атындағы орта мектебінің командасы иеленсе, жүлделі ІІ орынмен ІІІ орын Алдабергенов атындағы орта мектебінің командалары мен Титов атындағы орта мектебінің командаларына бұйырды. ІҮ орынды Қарабұлақ құрама командасы иеленді. «Үздік шабуылшы» номинациясы Қарабұлақ құрама командасынан Құрманғазы Ерзатқа бұйырып, «Үздік ойыншы» номинациясын Титов атындағы орта мектебінен Адамбек Марлен иеленді.